Текст
05.02.2025
Құрметті Астрахан ауданының тұрғындары! «Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Өрнек ауылының бастауыш мектебі» КММ 2025 жылдың 1-30 наурызы аралығында ресми интернет-ресурста 2024 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есептерді жариялы талқылау өткізілетінін хабарлайды. «Өрнек а. БМ»
04.02.2025
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына жүргізілген қоғамдық мониторинг нәтижелері
23.01.2025
“Өнегелі 15 минут” Мақсаты: Адамгершілік, моральдық тәрбиені, өмірлік құндылықтарды қалыптастыру. #біртұтас_тәрбие
23.01.2025
Мектебімізде «Бала және Заң » тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Сабақтың мақсаты: Оқушылардың адам құқығы, оның ішінде бала құқығы жөнінде түсінігін кеңейту, әрбір адам өз құқығын біліп, өзгенің құқығын бұзбауға үйрету, құқықтық тәрбие беру. “ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП АЙЫ” #біртұтас_тәрбие #баланыңқұқығы
20.12.2024
2024 жылдың 13 желтоқсанында “Өрнек ауылының бастауыш мектебі”КММ-нің мектеп меңгерушісі Ащербаканова Р.Т басшылығымен жиналыс өтті. Мұғалімдер ұжымын 2024-2025 оқу жылындағы аттестация ерекшеліктерімен таныстырып, және “ҰСТАЗ” платформасында жұмыс істеу тәртібі түсіндірілді.
20.12.2024
Желтоқсан айының 13-і күні “Жұлдызды сәт” байқауының финалы өтіп, аудандық мәдениет үйінің сахнасында жақсы өнер көрсетіп қатысқаны үшін мақтау қағазымен марапатталды. Нурдуллаева Жанна Нурлановна бастауыш сынып мұғалімі Орынбай Игілік 4-сынып оқушысы Мақсаты: дарынды және жарқын орындаушыларды анықтау, қолдау және дамыту.
19.12.2024
2022 жылдан бастап облыста «Қазақстан халқына» Қоғамдық қорының «Ауылдық жерлердегі тірек мектептердің әлеуетін дамыту» жобасы жүзеге асырылуда, мақсаты – ауыл тірек мектептерін дамытудың тиімділігін арттыру, сондай-ақ ауыл мектептерін материалдық-техникалық базасын жақсарту және мұғалімдердің біліктілігін арттыруда тең жағдай жасау арқылы аумақтық және әлеуметтік-экономикалық ерекшеліктері бойынша білім сапасының алшақтығын азайтуға көмектесу. Осы жобаға қатысты мектебіміздің сынып бөлмелері жаңа -құралжабдықтармен жабдықталды.
19.12.2024
20-25 қараша аралығында өткен Ақбота2024 олимпиадасына оқушылар қатысып, жүлделі орындарға ие болды.
15.12.2024
День независимости!
27.11.2024
26 қараша күні Өрнек ауылының бастауыш мектебінде КММ-де Әдістемелік кеңес отырысы өтті. Күн тәртібінде: Жаңадан шыққан Мемлекеттік Стандарттарымен танысу. Қатысқан мұғалімдер саны 3 . Мектеп меңгерушісі Ащербаканова Р.Т -ның баяндама тыңдалды. Мемлекеттік Стандарт 5-тараудан тұрады: 1-тарау. Жалпы ережелер 2-тарау. Білім мазмұнына қойылатын талаптар. 3-тарау. Білім алушылардың, дайындық деңгейіне қойылатын талаптар. 4-тарау. Білім алушыларды оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне қойылады. 5-тарау. Оқу мерзіміне қойылатын талаптар #oquagartuministrligi