Текст
20.12.2024
2024 жылдың 13 желтоқсанында “Өрнек ауылының бастауыш мектебі”КММ-нің мектеп меңгерушісі Ащербаканова Р.Т басшылығымен жиналыс өтті. Мұғалімдер ұжымын 2024-2025 оқу жылындағы аттестация ерекшеліктерімен таныстырып, және “ҰСТАЗ” платформасында жұмыс істеу тәртібі түсіндірілді.
20.12.2024
Желтоқсан айының 13-і күні “Жұлдызды сәт” байқауының финалы өтіп, аудандық мәдениет үйінің сахнасында жақсы өнер көрсетіп қатысқаны үшін мақтау қағазымен марапатталды. Нурдуллаева Жанна Нурлановна бастауыш сынып мұғалімі Орынбай Игілік 4-сынып оқушысы Мақсаты: дарынды және жарқын орындаушыларды анықтау, қолдау және дамыту.
19.12.2024
2022 жылдан бастап облыста «Қазақстан халқына» Қоғамдық қорының «Ауылдық жерлердегі тірек мектептердің әлеуетін дамыту» жобасы жүзеге асырылуда, мақсаты – ауыл тірек мектептерін дамытудың тиімділігін арттыру, сондай-ақ ауыл мектептерін материалдық-техникалық базасын жақсарту және мұғалімдердің біліктілігін арттыруда тең жағдай жасау арқылы аумақтық және әлеуметтік-экономикалық ерекшеліктері бойынша білім сапасының алшақтығын азайтуға көмектесу. Осы жобаға қатысты мектебіміздің сынып бөлмелері жаңа -құралжабдықтармен жабдықталды.
19.12.2024
20-25 қараша аралығында өткен Ақбота2024 олимпиадасына оқушылар қатысып, жүлделі орындарға ие болды.
15.12.2024
День независимости!
27.11.2024
26 қараша күні Өрнек ауылының бастауыш мектебінде КММ-де Әдістемелік кеңес отырысы өтті. Күн тәртібінде: Жаңадан шыққан Мемлекеттік Стандарттарымен танысу. Қатысқан мұғалімдер саны 3 . Мектеп меңгерушісі Ащербаканова Р.Т -ның баяндама тыңдалды. Мемлекеттік Стандарт 5-тараудан тұрады: 1-тарау. Жалпы ережелер 2-тарау. Білім мазмұнына қойылатын талаптар. 3-тарау. Білім алушылардың, дайындық деңгейіне қойылатын талаптар. 4-тарау. Білім алушыларды оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне қойылады. 5-тарау. Оқу мерзіміне қойылатын талаптар #oquagartuministrligi
27.11.2024
Қазіргі таңда тәуелсіздік алған мемлекетімізде зорлық-зомбылыққа жол жоқ. Оның етек алуы отбасынан басталады. Отбасындағы салауаттылық-өркениетті қоғамның талабы,өйткені ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан дәстүрлер мен мұраттар көбінесе отбасында дамып, қалыптасады. #біртұтас_тәрбие #оқуағартуминистрлігі
27.11.2024
Өрнек ауылының бастауыш мектебінде «Әділдік және жауапкершілік » айына байланысты «Оян ар мен адалдық» атты тәрбие сағаты өткізілді. Мақсаты:Оқушыларға ар мен адалдық сезімдерін ұғындыру; Міндеттері: Оқушыларды адалдыққа, шыншылдыққа тәрбиелеу, жат әдеттерден аулақ жүруге үйрету. Оқушылардың адамгершілік қасиетін нығайту. ✓ Күшіңе сенбе, адал ісіңе сен. Мұхтар Әуезов #біртұтас_тәрбие #oqu_agartu_ministrligi #birtutas_tarbie АДАЛДЫҚ
27.11.2024
Ұлттық валюта
Ақмола облысы 🇰🇿🇰🇿
Астрахан ауданы
Өрнек ауылының бастауыш мектебінде ұлттық валюта күніне байланысты сынып сағаты өткізілді.
“Қағидатымыз - әділдік, тірегіміз- жауапкершілік, мақсатымыз- өрлеу”
Қ.Тоқаев
15 ҚАРАША ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТА КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!🎊🎉...
27.11.2024
Өрнек ауылының бастауыш мектебінде «Әділдік және жауапкершілік » айына байланысты «Оян ар мен адалдық» атты тәрбие сағаты өткізілді. Мақсаты:Оқушыларға ар мен адалдық сезімдерін ұғындыру; Міндеттері: Оқушыларды адалдыққа, шыншылдыққа тәрбиелеу, жат әдеттерден аулақ жүруге үйрету. Оқушылардың адамгершілік қасиетін нығайту. ✓ Күшіңе сенбе, адал ісіңе сен. Мұхтар Әуезов #біртұтас_тәрбие #oqu_agartu_ministrligi #birtutas_tarbie АДАЛДЫҚ