"Ақмола облысы білім басқармасының  Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Өрнек ауылының бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Начальная школа села Орнек отдела  образования по Астраханскому району управления  образования Акмолинской области"

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ата-аналарға арналған ақпарат

Құрметті Астрахан ауданының мектеп оқушыларының ата-аналары! 2022 жылғы 17 қаңтарда 2021-2022 оқу жылының III тоқсаны басталады.Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысының 2022 жылғы 12 қаңтардағы хаттамасына сәйкес мектептерде 600 - ге жуық оқушы штаттық форматта, 600-ден астам оқушысы бар мектептерде қашықтықтан оқыту форматында оқытылады.Астрахан ауданында барлығы 31 ауыл мектебі бар.Соның ішінде КММ «Астрахан ауылының №2» ЖОББМ оқушылары 1-2 сыныптарда штаттық оқу форматы, 3-5 сыныптарда - кезекші сыныптар, 6-11 сынып оқушылары қашықтықтан оқуды бастайды. КММ «Астрахан ауылының №2» ЖОББМ оқушылар саны 6-11 сынып аралығында 309,0-сыныптарда 71, барлығы 380 оқушы толық,

компьютер,смартфон,планшет және ноутбуктармен қамтылған.

 

Спорттық секциялар, үйірмелер де штаттық режимде өткізіледі.Мектеп бітірушілер үшін емтиханға, ҰБТ - ға дайындық бойынша қосымша сабақтар барлық санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып, мектепте өткізіледі.

 

Құрметті ата-аналар,III тоқсанды біз сіздермен бірге ұйымдасқан түрде бастауымыз керек.Оқушыларды сапалы оқыту тек біздің бірлескен жұмысымызға байланысты.Оқу үдерісін ұйымдастыру мәселелері бойынша білім бөлімінің Call орталығының 8-716-41-2-36-84 телефонына немесе жеке өзіме,білім бөлімінің басшысына 8-702-197-04-54 хабарласуларыңызға болады.

ММ «Астрахан ауданы бойынша білім бөлімінің» басшысы

Г.Шаяхметова

https://www.instagram.com/p/CYwKcyPIWDU/?utm_medium=share_sheet

Жаңартылған күні: 18.01.2022 11:20
Құрылған күні: 18.01.2022 12:20

Текст