Текст
19.01.2026
📌 Мектепішілік ата-аналар жиналысы өтті.
Ағымдағы жылдың 6 қаңтар күні 1-4 сыныптар арасында мектепішілік ата-аналар жиналысы ұйымдастырылды. Жиналыс барысында күн тәртібіне сәйкес бірқатар маңызды мәселелер қаралды.
🔷 2-тоқсан қорытындысы талданып, білім алушылардың оқу үлгерімі мен тәртібі жөнінде ақпарат берілді.
🔷 Баланың оқуындағы ата-ананың рөлін күшейту мәселесі қозғалып, мектеп пен ата-ана арасындағы өзара ынтымақтастықты арттыру жолдары талқыланды.
🔷 Қыс мезгілі кезінде балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау, жазатайым оқиғалардың алдын алу мәселелері қозғалды:
🔹 мұз үстіндегі қауіпсіздік,
🔹 жол қозғалысы ережелерін сақтау,
🔹 жылы киіну және ауа райына сай сақтық шаралары,
🔹 үй жағдайындағы және көшедегі қауіпсіздік талаптары
туралы нақты ақпарат берілді.
Жиналыс ата-аналар мен мектеп арасындағы байланысты нығайтып, білім алушылардың сапалы білім алуына бірлесе атсалысуға бағытталды.