"Ақмола облысы білім басқармасының  Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Өрнек ауылының бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Начальная школа села Орнек отдела  образования по Астраханскому району управления  образования Акмолинской области"

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

26.03.2018

                                           

«Көппен көрген ұлы той»

 

Мақсаты:

Білімділік: оқушыларға

Ұлыстың ұлы күні туралы және дүниежүзілік халықтарының Наурыз мерекесін тойлау

туралы толық мағлұмат беру, халқымыздың салт - дәстүрін, әдет - ғұрпын үйрете

отырып «Наурыз» қазақтың да ұлттық мейрамы екенін ашып көрсету.

Дамытушылығы: Өлең, мақал

мәтелдер арқылы тілдік қорларын дамыту. Өз ұлтына деген сүйіспеншілігін

арттыру.

Тәрбиелік: ата - ана,

оқушы, ұстаз жұртшылық өкілдерін біріктіру. Қазақ халқының салт дәстүрін,

тілін, әдет - ғұрпын сақтауға, қастерлеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі:

сахнаның мерекеге сай безендірілуі, ұлттық киімдер, слайдтар.

                                           Сабақтың

барысы

 

Жүргізуші

Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні

Армысыңдар халайық

Бармысыңдар халайық

Наурыз тойда жиналып

Шаттанып бір қалайық.

Міне, шуақты да шырайлы мерекеміз – Наурыз мейрамы да келіп жетті.

Наурыз – қазақ халқы үшін береке-бірліктің, ел-жұрт, ағайын-туыс

арасындағы татулықтың, ерен еңбектің, жаңарған тіршіліктің ұлы символы.

Жүргізуші:   

22 наурызда күн мен түн теңеледi. Табиғат гүлге, өріс төлге толғанда,

адам жаны да жаңарып, жасарып, жүрегі әсем әнді, әуезді жырды аңсайды.

Сахнада

Әжесі мен немересі екеуі

наурыз көже пісіріп, бар тәтті-дәмдісін қойып, дастархан әзірлеп жатады.Барлығы

әзір болған кезде әжесі немересіне атасын шайға шақырып келуге жібереді.

Әжесі: -Айналайын құлыным,барып атаңды шайға шақырсаңшы! Әне-міне дегенше

қонақтарымыз да келіп қалар.Дастарханымыз,наурыз көжеміз де дайын болды.

Немересі: (жүгіре басып есік алдында жүрген атасын шақырады)

-Ата, шайға

келіңіз.Наурыз көже,дастарханымыз да дайын болды.

Атасы: -Рахмет балам,өркенің өссін! Келе жатырмын.

(Барлығы дастархан

басына отырады.Әжесі наурызкөже құяды,атасына, немересіне береді)

Әжесі: -Балам,ит үріп жатыр.Қонақтарымыз келіп қалған сияқты,алдарынан шығып

қарсы алшы.

Немересі: -Жарайды, әже! Сәлеметсіздер ме? Қош келдіңіздер,үйге төрлетіңіздер!

Қонақтар: -Рахмет! Қош көрдік.(Қонақтар:Алишер мен Алмаз үйге кіреді.Үй ішіндегі

ақсақалмен төс қағысып,қол алысып, әжеймен амандасады.)

-Ассалаумағалейкум,ақсақал!

Сәлеметсіз бе әжей? Қал-жағдайларыңыз қалай,есен-саумысыздар?

Әжесі:Қошкелдіңдер айналайындар! Жоғары төрлетіп отырыңдар,наурыз көжеден ауыз

тиіңдер,қымыз ішіңдер!

Қонақ Алишер:

-Ұлыс күні қазан толса,

Ол жылы ақ мол болар.

Ұлы кісіден бата алса,

Сонда олжалы жылболар.

–дегендей сіздерді арнайы ұлыстың ұлы күнімен құттықтап, әжеміздің тіл үйірер наурызкөжесінен

дәм татайық деп жәнеде ата, ұлыстың ұлы күнінде сексеннің сеңгіріне

келіп қалыпсыз ,«Орамал тон болмайды жол болады» дегендей мынау шапанды иығыңызға

жабуға рұқсат етіңіз.(Қонақтар орындарынан тұрып ақсақалдың иығына арнайы алып келген

шапандарын жабады)

Атасы: -Рахмет балам, өркендерің өссін!

Әжесі: -Осындайсый-сияпаттарыңа рахмет айналайындар.Бақытты болғайсыңдар!Дәм алып отырыңдар.

Немересі: -Алишер аға, «Әу» демейтін қазақ жоқ .Бірақ сіз нағыз өнер иесісіз ғой,

Дауысыңызды сағынып қалыппыз,бір ән шырқап жіберсеңіз болмас па екен.

Қонақ Алишер: -Әрине,қалқам!Айтсам айтайын.

(Алишер ортаға шығып,өзінің

әнін орындайды.)

Атасы: -Талабың таудай,өнерің үстем болсын алтыным.

Қонақтар: --Ал ата,әжей рұқсат болса біз жолға шығайық.Баратын тағы басқа жерлеріміз бар.Аман

сау болыңыздар!

Әжесі мен атасы: Сау бол айналайын.Жолдарың болсын.

Немересі: -Ата, әжесіздерді құттықтауға мектебіміздің биші(әнші) қыздары келе жатыр

екен. Соларды алдарынан шығып қарсы алайын.

(Немересі келген қонақтардың

алдынан шығып қарсы алады)

Қонақтар(Жанна

менАдемау): -Сәлеметсіздер ме?Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!Дендеріңіз сау,аман-есен болып

,немере-шөберелеріңіздің қызығын көруге Алла Тағала нәсіп етсін!

Атасы:- Аумин балам,айтқандарың келсін!

Әжесі: -Рахмет,құлындарым! Келгендерің жақсы болды,төрлетіңдер.Наурызкөже алыңдар,дастарханнан

дәм алып отырыңдар.(Әжесі қонақтарға наурызкөжесінен құйып береді.)

Қонақтар: -Ата,әжей біз де сіздерді ұлыстың ұлы күнімен және де атамыздың мерейтойымен

құттықтап ,өз өнерлерімізді көрсетіп қайтуға әдейілеп келген едік.

Әжесі: -Бұларың өте дұрыс болған екен, балам.Ендеше өнерлеріңді тамашалайық.(Жанна

ортаға шығып өз өнерін көрсетеді.Алғыстарын айтып қонақ қыздарды шығарып салады.)

Тентек немересі: -Ата НАУРЫЗҒА арнап батаңызды беріп жіберіңіз.(Әмин деп қолын жаяды)

Атасы:(Батасын береді)

Бай қылсын,

Төрт түлік сай қылсын,

Кетпес дәулет берсін,

Отауыңа сәулет берсін.

Бастарыңа бақыт қонсын,

Дұшпандарың жоқ болсын.

Ризық, нәсібің тасып,

Көңілдерің тоқ болсын.

Туған балаларың ер

жетіп,

Өсіп үлкен ел болсын,

Бақталасың кем болсын.

Дәулетің шалқып, сел

болсын,

Дастарқаның кең болсын

Ұлыс күні құтты болсын,

Ақ кетпесін таңдайдан!

Ел іргесі мықты болсын,

Бақ кетпесін маңдайдан!

Аллаһу акпар!

Батадан кейін әжесі шашу

шашады:

Шашу,шашу шашу алыңыздар.Ескі

жыл есірке,жаңа жыл жарылқа! Басымызға амандық,денімізге саулық,елімізде тыныштық

болсын!Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!

 

Жүргізуші:   

 Ұлыс күнінде сәлемдесудің де қалыптасқан дәстүрі бар, ер адамдар қос

қолдасып төс соғыстырады, әйелдер құшақтасады, ерлер мен әйелдер кездессе,

құшақ айқастырады. Қос қолдап амандасып, төс соғыстыру – өмір тірегім – төсім,

тіршілік көзім – екі қолым аман-сау болсын дегенді білдіреді.

 

Ортаға

шағын орталық  балалары шығады.

1-бала :Ассалаумағалейкум
Ұлыс оң болсын
Ақ мол болсын!

2-бала: Уағалейкумассалам
Ұлыс оң болсын
Бәле–жала жерге енсін! (Төс қағыстырады)

3-бала Наурыз - көктем мерекесі

Наурыз - жыл басы

Наурыз жаңа серпін, жаңа леп

«Наурыз көктем» әні
4-бала Наурыз - қуаныш мерекесі,

Бақыт пен шаттық мерекесі

5-бала Наурыз - шаруаның мерекесі

Наурыз - еңбек мерекесі

Жүргізуші:   

Осы той «Наурызнама» деп аталады. Әдетте,

наурызнаманы бай, ауқатты кiсiлер жасаған. Бiрақ әр шаңырақ өзiнше наурыз көже

пiсiрiп, ақ толы аяғын босағадан аттағанның бәрiне ұсынған. Ауыл ақсақалдары

үй-үйден дәм татып, үйдегiлерге ыдыспен сыбаға тасып жүрген. Ол сыбаға

iшiлместен бұрын қазанға құйылады. Бұл «Дәм-тұзымыз араласқан тату болайық»

дегеннiң белгiсi.

 Ән:«Құтты

болсын Наурыз!»

6-бала О, жарандар, жарандар!

Бәрің мұнда қараңдар,

Наурыз тойы басталды,

Текке қарап тұрмаңдар!

7-бала Әуелесін армандар,

Үміті от боп жанғандар.

Бақ дарып, Қызыр қарасын,

Мерекеден қалмаңдар!

 О, жарандар, жарандар!

Тамашадан қалмаңдар.

Құс қанаты көңілмен,

Жер әлемді шарлаңдар!

 

Жүргізуші:

Тәуелсіз биік

халқымның

Желбіреп туы

шалқысын

Әз Наурыз

келіп еліме

Жер – Ана

бойы балқысын.

Жаңғырар

дәстүр - салтымның

Көзделсін

бұлақ жылғасы

Қастерлі менің халқымның,

 

«Көктем

келді» әні

8-бала Оятып шың мен асқарды,

Ерітіп мұз бен асқарды.

Нұрландырған даланы,

Наурыз тойы басталды

Жүр:

Көптен күткен Наурыз тойы арайлы,

Нұрға толтырып жатыр міне маңайды.

Мал біткеннен бал татыған уызы,

Қуат болып қанымызға тарайды.

Құтты болсын ұлыстың Ұлы күні,

Шаттандырған елімді Тәңір нұры.

Табиғатты түлеткен нұрландырып,

Құтты болсын Наурыздың жаңа күні.

Наурыз тойға жиналған халқым менің,

Бәріңнің ойға алғаның жарқын сенім.

Мереке басы болсын берекенің,

Ардақта Наурыз тойы салтыңды елім!

 

Просмотров: 794


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст