Текст
«Өрнек ауылының бастауыш мектебі» КММ 3- сынып оқушыларында Жаратылыстану пәнінен «Массаны қалай өлшейміз?» тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Бұл сабақта оқушылар массаны өлшеу, таразы түрлері туралы ақпаратпен танысты. Заттың массасын өлшеуді іс-тәжірибе жүргізу арқылы анықтады. Қолда бар материялдарды қолдану арқылы өздері таразы жасап, түрлі заттарды өлшеп, массасын анықтады.