Текст
«Өрнек ауылының бастауыш мектеюі» КММ 3-сынып оқушылары арасында «Тапқыр болсаң, тауып көр!» атты сайыс сабақ өткізілді. Ең алдымен оқушылар «тәттілер» арқылы «Алғырлар және Тапқырлар» болып екі топқа бөлінді. Бұл сайыс «түсіп қалған әріпті жаз», сурет бойынша жұмыс, теңдеулерді шешу, деңгейлік тапсырмалар, «сөз ойла, тез ойла», ойлап тап, сурет бойынша әңгіме құра, математикалық диктант, кестемен жұмыс, миға шабуыл, жигсо әдісі бойынша топтық жұмыстардан құралды. Оқушылар әр берілген тапсырмаларды уақытылы әрі тиімді орындады. Бұл сайыс сабақ оқушылар үшін өте қызықты болды.