"Ақмола облысы білім басқармасының  Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Өрнек ауылының бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Начальная школа села Орнек отдела  образования по Астраханскому району управления  образования Акмолинской области"

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

17.01.2018

                                                

Кітап-жан азығы

Кітап сарқылмас рухани қазына, білім кітап арқылы беріледі. Кітап оқуға төселенген бала- зерек,сауатты тіл орамды болып өседі. Ана тілімнің қасиетті қазынасын игереді.

     Қазіргі таңда кітап кейінгі орынға ығысып қалғандай. Заман талабына сай жетік технология бар, не керекті интернеттен жүйесінен табасың. Кітаптың керегі де болмай қалуы мүмкін

деген күдікті ой шырмайды. 
   Кітап – жан азығы, жақсы дос, заманалар сыңынан өткен асыл қазына. Мұны әркім -ақ біледі. Әрбір көркем шығарма  асыл сөз сарайына бастар сырлы соқпақ бола береді. Бұған бабаларымыздың ісі дәлел бола алады. "Кітап маған тақтан да қымбат",- деп көрсеткен Шекспир. Кітаптың адам өмірінен алар орнын, рухани маңызынбілімділер жеткізіп ұғындырды.

       «Кітап-білім бұлағы» деген қанатты сөзді бала бастауыш сыныптан-ақ естиді. Кітап оқуғада үйреніп қалады. Қазіргі кезде балалар небір фильмдер қарап қызығады, компьютерлік ойындар да баланың уақытын алып қояды. Балаларда кітап оқуға уақыт та қалмайды.  Ата- ананың өздері кітап оқымай тұрып, баланы қызықтыру оңай емес.  

        Кітап- оқу мемлекеттік мәселе деп ойлаймын. Сондықтан балаға қалайда кітап оқыту қажет. Ұрысып, зекіп, қинап оқытуда  дұрыс емес. Баланың кітап оқуға қызығушылығын арттыру керек . Баланы кітапқа өте ертерек үйреткен жөн.

"Наданмен қас болғанша, кітаппен дос бол", - дейді Баус. Міне бала кішкентайынан кітаппен дос болуы керек. «Өнер алды -қызыл тіл» дейтін қазақ сөз өнерінің тіккен халық. Балаларға бай ауыз әдебиетінің түрлері де ұшан теңіз. "Кітап әлемдегі құпиялы ұлы ғажайыптардың бірі", -дейді

Горький.  Осы даналық сөздерден кітаптың адам өмірінде қаншалықты роль алатынын байқаймыз. 
  Кітап оқыған бала- зерек, сауатты, тіл орамды болып өседі. Ешбір  техникалық құрал кітапты ауыстыра алмайды. Бірақ әр нәрсенің өз орны бар. Заман талабына сай жаңа технологияларды меңгерген әрі көркем әдебиеттен сусындап кітап оқумен жан дүниесін байытқан жан-жақты дамыған ұрпағымыз болса нұр үстіне нұр емес пе? Соңғы онжылдықта бүкіл әлемде, соның ішінде Қазақстанда да кітап оқуға қызығушылық азая бастағаны байқалады. Кітап оқу бос уақытты өткізу түрі ретінен гөрі іскерлік оқуға қарай ойысты, ақпараттық және білім алу қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін ғана оқу жиі кездесетін болды. Оқушылар, студенттер

көбінесе оқу залдарына тапсырылған тақырып бойынша реферат, баяндама, шығарма жазуға ғана келеді. Бірінші кезекте мұндай жағдай кітапхана қызметкерлерін ойлантып, мынадай сұрақтар жиі мазалайды: біздің кітап оқуға қызығушылығымыз төмендеуінің себептері неде және оның соңы неге әкеледі? Кітап оқымайтын адам сауатсыз, ойлау қабілеті төмен, шығармашылық қиялдауы шектелген болып келетіні белгілі. Осы орайда, айта кететін жайт: қазіргі уақытта қазақ қоғамының алдында тұрған негізгі мәселе – тіл мәселесі ғой. Осы мәселенің де бір шешімі, менің ойымша, жастар болсын, үлкендер болсын – бәрін кітап оқуды, қазақ тілінде көркем шығармаларды оқуға тартуда. Көркем шығармалар біздің тілімізді байытып, қазақ тілінде сөйлеу қабілетін арттыратыны анық.

 

 

 

Просмотров: 502


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст