"Ақмола облысы білім басқармасының  Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Өрнек ауылының бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Начальная школа села Орнек отдела  образования по Астраханскому району управления  образования Акмолинской области"

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

17.12.2017

Тақырыбы: «Тәуелсіздік –теңдесі жоқ байлығым»

Мақсаты:

Еліміздің өткеніне, бүгініне, ертеңіне көз жіберіп шолу жасау. Өз еліміздің тілін, тарихын, салт – дәстүрін, әдебиетінқадір тұтып, құрметтеу. Қазақ елімізді әлемдік деңгейге жеткізу – біздің қолымызда екенін айтып түсіндіру. Оқушыларға патриоттықтәрбие беру. Еліне, Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру.

Көрнекілігі: нақыл сөздер,плакаттар,буклеттер,музыкалық жабдық

1-оқушы

Атыңнан айналайын егемен ел,

Тәуелсіз күнің бүгін кенеле бер,

Мейрамың құтты болсын, тәуелсіздік!                          

Ғасырдың тойы болшы келе берер.

2-оқушы:

Қазақстан егемен ел, тәуелсіз ел,

Болашаққа нық басып буынған бел

Көкке өрлеген байрақты желбіретіп,

Қуаныш пен шаттыққа қадам басты ел!

3-оқушы:

Өзіңдікі -Елің де,

Өзіңдікі – Жерің де

Өзіңдікі өзің еткен Бақ- Тәуелсіздік төріңде!

 

Мұғалім: Мен – қазақпын, мың өліп, мың тірілген

Жөргегімде таныстым мұң тілімен

Жылағанда жүрегім күн тұтылып,

Қуанғанда күлкіммен түн түрілген.

Армысыздар қадірлі қонақтар, ата-аналар, ұстаздар мен оқушылар!

Биыл 2017 жылы дүниені дүр сілкіндірген желтоқсан көтерілісіне 31 жыл болды.

Ал, егеменді еліміздің Тәуелсіздігін алғанына 26 жыл толған мерейлі тойына арналған «Тәуелсіздік –теңдесі жоқ байлығым»атты әдеби кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.

1-жүргізуші: Шарықта, шарла көкті көк байрағым,

Арманым, Азаттығым, көпке айғағым.

Мен сенің салтанатты сағатыңа

Өлеңмен алтын шашақ шоқ байладым.

Ал самға, әлем кезіп, Әнұраным

Қалықта Елтаңбасы- шаңырағым.         

Хор «Әнұран»

2-жүргізуші:

Армандарды жақындатып тым алыс, 

Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.

Егемендік - ел бақыты, ертеңі, 

О, халайық! Құтты болсын қуаныш!

1-жүргізуші

Бақтың құсы әр адамға қонып бір

О, тәңірім, бізді баққа жолықтыр.

Бүгін міне Тәуелсіздік  ағайын

Әр қазақтың жүрегі болып соғып тұр.

2-жүргізуші: 

Қазақ дейтін менің бір елім,

Жатыр алып жарты дүние әлемін.

Бұл даланы анам жаспен суарған,

Бұл далаға жылап келіп қуанған, -деп Қасым Аманжолов ағамыз жырлағандай, кең байтақ жерімізде қазақ халқының басынан не өтпеді десеңізші.Талай қиын-дықты бастан кешірсе де, ешқашан мойымай, күресе білді. Азаттық таңы туаты-нына кәміл сеніп, үміттерін үзбеді.

1-жүргізуші

Сол күндер ғой жүректің аңсағаны, 

Соған шөлдеп, шөліркеп тамсанады,

Өкініш пе, білмеймін қуаныш па

Өз-өзінен жүрегім ән салады.

2-жүргізуші: Қазақ халқы азаттық үшін талай қиындықты бастан кешірді.

Бірақ ешқашан мойымады, күресе білді. Азаттық таңы туатынына кәміл сенді. Енді

осы кейбір тарихи оқиғаларды еске түсіріп өтейік.

 

1-оқушы: 1723-1725 жылдар Ақтабан шұбырынды.

2-оқушы: 1836-1838 жылдар Ішкі Бөкей ордасындағы көтерілісі

3-оқушы:1837-1847 жылдар Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс.

4-оқушы: 1916 жылы Амангелді Иманов бастаған ұлт-азаттық көтеріліс.

5-оқушы: 1932-1933 жылдар ашаршылық кезеңі.

6-оқушы: 1936-1938 жылдар репрессия кезеңі.

7-оқушы: 1941-1945 жылдар Ұлы Отан соғысы.

8-оқушы: 1986 жылы Желтоқсан оқиғасы.

1-жүргізуші: Қазақ халқын

дүниежүзіне танытқан бұл оқиғаның алғашқы құрбандары Қайрат Рұсқұлбеков, Ләззат

Асанова, Жансая Сабитова, Ербол Сыпатаевтарды еске алып, олардың рухына тағзым

ету парызымыз. 1986 жылдың желтоқсаны бүкіл ұлтымыздың жанын жаралап, жүрегіне

ызғар шашып кетті, бостандық үшін өрімдей жап-жас қыз-жігіттер құрбан болды.

Біз әрдайым Қайраттың от жүрек үніне, қыздардың намысын қорғаған ерлігіне,

күнәсіз күйіп кеткен келбетіне бас иеміз.

1-минут үнсіздік

2-жүргізуші: Озбырлық күшпен тұншығып,

Үміттің оты өшкен күн.

Жанына таппай бір шындық,

Ер Қайрат қыршын кеткен күн.

Қайғы езіп, елдің еңсесін

Жаншыды-ау жанын батпан күн!

Ән «Солдат болам мен ертең»

 

Көрініс: Ұмытылмас сол бір күндер

1-жүргізуші

Желтоқсан – заман толғағы байтақ даланың, 

Шарпыған сәті үміт пен күдік қаланың 

Желтоқсан – Қайрат, Ләззат, Сабира

Құрбаны болған жаланың 

Ал қоғамның адамнан бар ма асылы, 

Кеткенде жоқ құлақтан зар басылып,

Бұғаудағы боздақтары кете барды

Бірі атылып, ал бірі дарға асылып

 

1-оқушы Шыңғыс

Желтоқсанда ақиқатты іздедік

Қорлығына бодандықтың  төзбедік

Басшы таппай қазағымның бірінен

Кәне, айтшы, біз олардан кем бе едік?

Желтоқсанның мұзда жанды алауы,

Қолдарында ұстаған бір жалауы.

Ербол, Қайрат, Ләззат пенен Сәбира

Тәуелсіздік болғаны еді қалауы.

 

2-оқушыАйзада

Тәуелсіздік текке бізге келмеген

Талай бабам қанын төгіп терлеген

Сонда-дағы, қасиетті қазағым,

Төл байрағын дұшпанына бермеген!

 

3-оқушы Сағыныш

Бабалардың ғасыр бойы арманы

Өткені мен келешгі жалғады.

Желбіреп тұр төл байрағы қазақтың

Егемендік, тәуелсіздік алғалы.
Ән: «Қасқалдақ»

1- жүргізуші:

Қазақстан республикасы – біздің туып өскен жеріміз, біздің Отанымыз. Бұл

жерде қазақ халқы ертеден тұрып келеді. Қазақтар мал өсіріп, жер игеріп, өз

Отанын жаудан қорғаған, жерін болашақ ұрпағына мұра етіп қалдырған, яғни біз

үшін.

 

4-оқушы:

Тәуелсіздік таңы атты

Барлық әлім жаңарып

Осы тұрған халқыма

Бейбітшілік орнады.

5-оқушы

Ұлан байтақ жері бар,

Пайдалы қазба кені бар.

Тәуелсіз ел Қазақстан 

Көркіне көркі жарасқан.

 

Ән «Жаса қазақстан»

Бағдат: «Үш бақытым»

6-оқушы

Тәуелсіз азат елім

Туып өскен байтақ жерім

Мәңгі жайнап тұра бер

Қазақстаным менің.

7-оқушы

Отаным менің Қазақстын

Атыңнан сенің айналам

Бас иіп саған өтемін

Жасай жаса Қазақстан.

 

 «Қуыршақтар» биі

2- жүргізуші

Бүгін әрбір мемлекеттің ғасырлық тарихына байланысты

рәміздер бар. Мемлекеттік рәміздер – Ту, Елтаңба, Әнұран. Бұл халық бірлігінің

белгілері. Қазақстан Республикасының да өз рәміздері бар. Мемлекеттік

рәміздерді құрметтеу - әрбір азаматтың міндеті.

Ән: «Алға Қазақстан»            

9- оқушы Айзада

Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің,

Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің.

Бүгінде бар әлемге даңқың жетті

Тәуелсіз Қазақстан - елім менің!

10-оқушы Аңсар

Егеменді ерікті ел екенбіз,

Жылдан - жылға кіргендей берекеміз.

Тәуелсіздік таңы атқалы жиырма төрт жыл -

Халайық құтты болсын мерекеміз!

11-оқушы: Шыңғыс

Ел болдық егеменді, теңдік алып,

Бар әлем қазақ елін болды танып.

Қайнауы кенге толы Қазақ елі,    

Жыл сайын келеді өсіп қанат жайып  

Ән:«Атамекен» 

Мұғалім: Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік,

халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік, ағайын.

Халқымның ахуалы дұрыс болсын.

Еліміз әрқашанда тыныш болсын! – дей отырып, ашық тәрбие

сабағымызды

Қорытындылаймыз

 

Просмотров: 321


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст