«Жырымды
сіздерге арнаймыз»
Халқымызда «Өзің өлгенше, немерең
өлгенше» деген сөз бар.
Бала,немере туралы ақын Мұзафар Әлімбаев былай дейді.
Бала деген бал екен,
Бал дегенің бала екен.
Немеренің бойында,
Бар жақсылық бар екен.
Туған балаң жай ғана,
Демесең де жат бөтен,
Нағыз бала ойласаң.
«Немере» екен тәтті екен.
1-Жүргізуші. Аталар – асқар таудай қорғанымыз,
Аналар – саясы мол орманымыз.
Қызығын ұрпағыңның көре берші
Жортқанда бола берсін жолдарыңыз.
Құттықтаймыз мейрамыңмен аталар!
Әр күлгенің бізге бақыт саналар
Еңбегіңді еш етпейтін өмірде
Елің, жұртың, ұл мен қызың бағалар
Ана мейір күн көзімен пара-пар
Тұла бойға қуат болып таралар
Өміріме шуақ шашып әрқашан
Көп жасаңдар аталар мен аналар!
1- Жүргізуші. Ата-анаға не істесең, алдыңа
сол қайтады. Дүние кезек. Сен өмір бойы жас болып тұрмайсың. Сен ата-анаңды
сыйласаң, сенің балаларың да қартайғанда өзіңді аялап күтіп, бағып-қағатын
болады. Бүгінгі жас ұрпақты сонау
замандардан жинақталған ата – бабаларымыздың мол мұрасы мен сусындату біздің
міндетіміз. Ұлдың батыр, қыздың әдепті болып қалыптасуы, бабалар мұрасына
байланысты. Демек, бабаларымыздың өнеге өсиетін пайдалана отырып тәрбиелеу
ұлттық тұлғаны қалыптастырады.
1 оқушы
Менің әжем,ақ әжем.
Ұл мен қыздың бағы әжем.
Ертегі айтып бер десем,
Айтып береді тағы әжем.
2 оқушы:
Менің әжем,гүл әжем,
Алтын әжем,нұр әжем.
Анам үшін,мен үшін,
Нағыз әжем,тіл әжем.
3 оқушы:
Тентек болсам ашынып,
Жақсы іс қылсам асырып.
Маған сақтап жүреді,
Тәттіні де жасырып.
Тосып тәтті дәмдерін,
Ол бар жерде бал жедім.
Мен ұйықтарда айтады,
Ертегісін әндерін.
Біздің үйде осындай,
Әжетайым бар менің.
4-оқушы:
Ата-әжем мақтанышым менің де,
Қонақ болып отыр менің төрімде.
Өзіңе арнап былай тәтті үніммен,
Ән салатын кезім келді менің де.
Ән: «Менің әжем»
Ақиқатты айқындап жариялар,
Бара жатыр азайып қариялар.
Дауыл соқса бүлк етіп толқымайтын,
Бара жатыр сарқылып қариялар.
Көрініс: Атасы мен немересі
Ата-әже ауылымның асылдары,
Жйнасын көңілдердің жасыл бағы.
Сіздер үшін ән мен күй,өлең мен би.
Сіздер үшін мереке шашулары.
Би: Өзбек биі
ІІІ бөлім
Мен атамның жалғасымын
Ата-бабаң ардақты,
Жамандыққа бармапты.
Ардақ тұтып үлкенді,
Ата жолын жалғапты.
Бұл бөлімде біздің кейінгі ұрпағымыз өздерінің өткен ата-бабаларын біле мекен
соны білмекпіз.
а/Оқушыларға жеті атасын айтқызу
ә/ Оқушылардың ата-әже туралы эсселеріне кезек берелік
Қорытындылау
«Бабаларым, рахмет сендерге!
Балаларым болмасын деп бос кеуде,
Қобызыңмен қосып ән мен тіл бердің,
Өмірге мен мылқау болып енгенде
Бабаларым, рахмет сендерге!»,- деп Мұқағали Мақатаев атамыз айтқандай міне,
балалар, біз өзіміздің ата-әжелеріміз алдында қарыздармыз. Ол қарызымызды тек
жақсы тәрбие арқылы, адамгершілігі мол, мейірімді болу арқылы ғана, оларды
көрген жерде құрметтеп сыйлау арқылы ғана қайтара аламыз.
Қарттарымызды ардақтап өтейік!
Оларды сыйлаңдар, қадірлеңдер!