"Ақмола облысы білім басқармасының  Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Өрнек ауылының бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Начальная школа села Орнек отдела  образования по Астраханскому району управления  образования Акмолинской области"

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

19.06.2017

Демалыс

лагеріне арналған ойындар.

 

Табан балық пен шортан.

Бір баланы шортан етіп белгілейді.  Ойнаушылардың қалғанын екі топқа бөледі. 1-ші тобы – ұсақ тастар, олардан шеңбер жасалады. 2-ші тобы – табан балық. Олар шеңбердің ішінде жүреді. Шортан шеңбердің сыртында.

Тәрбиешінің «Шортан» деген сигналы бойынша ол тездетіп табан балықты ұстау үшін шеңберге жүгіреді.  Ал табан балық орнын алуға, ойнаушылардың артынан тұруға немесе отыруға тырысады. Шортан үлгермеген табан балықтарды ұстайды. Ұсталғандар шеңбердің сыртына жіберіледі.

Ойын 2-3 рет қайталанады. Кейін шортан өзгертіледі.

 

Доп кімде?

Ойнаушылар шеңбер жасап тұрады. Ойын бастаушы тағайындалады. Ол шеңбердің ортасында тұрады.

Қолдарын арқасына ұстап бір-бірімен тығыздалып тұрады. Тәрбиеші кімге болса да біреуіне береді. Балалар арттарымен допты бір-біріне береді. Бастаушы допты кімде екенін табуға тырысады. Ол: Қолыңды – деп айтса, ол алақан жайып, қолын жоғары көтеруі тиіс. Егер доп онда екенін тапса, ол допты алады да шеңберге тұрады. Доп табылған бала ойынды басқарады.

 

Белбеу тастау

Ойыншылар шеңбер құрады. Бастаушы белбеуді білдіртпей бір баланың артына қояды. Айналып келіп айтады: Мына жерде тығыз, өз орныңды тап дейді. Ойыншы орнынан тұрып қашады да, басқа бір орынға отыруға тырысады. Отырып үлгермесе ойынды басқарады.

Тауық күрес

Жиналғандар екі топқа бөлінеді. Екі топтан екі бала шығып күреседі. Олар тек бір аяқпен

ақсаңдай жүріп, иықтарын қағысып күреседі. Күресушілерді  екі жақтың ойын басылары сүйемелеп әкеледі.

Қайсысы сүрініп жығылса, сол жеңіледі.

 

Белгіні таңда

Балалар тізерлеп межеге дейін жүгіреді. Кім тұрып кетсе сол жеңіледі.

 

Қап киіп жарысу

Ойынға қатысушылар 50метр жерден мәре белгілецді және оған 4-5 қатар жолақ жол сызылады.

Қатысатын адамнық санына сәйкес қаптың аузын ашып қою керек. Бастаушының

бұйрығы бойынша сызықтың бірінші басында тұрған ойнаушылар жарысып жүгіре

жөнеледі. Олар қапқа жетісімен, оны тез-тез киіп, қапшықты жоғары көтереді де,

ілгері секіреді. Мақсат: Сызықтың басына алдымен жету.

 

Арқан тартыс

Ойынға ұзындығы 10 метр арқан керек. Ойнаушылар бойларына  қарай қатарласа тізіліп тұрып, басқарушщының белгісі бойынша, ойын басталып топтар өзара тартыса бастайды. Мақсаты:

 Екі топ бірін-бірі тартып, жердегі орталық  сызықтан бұрын сүйреп өткізу.

Екі топтың қай жағы орталық сызықтан қарсы топты бұрын сүйреп өткізіп әкетсе,

сол жағы ұтқан болады.  

Просмотров: 317


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст