"Ақмола облысы білім басқармасының  Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Өрнек ауылының бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Начальная школа села Орнек отдела  образования по Астраханскому району управления  образования Акмолинской области"

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Мемлекет және қоғам қайраткері Сабыр Біләлұлы Ниязбековтің тұғанына - 110жыл"

17.01.2023

Өрнек ауылының бастауыш мектебі" КММ бастауыш сыныптар арасында "Мемлекет және қоғам қайраткері Сабыр Біләлұлы Ниязбековтің туғанына-110 жыл" толуына орай тәрбие сағаты өткізілді.
Сабыр Біләлұлы-1912жылы желтоқсан айының оныншы жұлдызында Ақмола облысы Астрахан ауданының Өрнек ауылында дүниеге келген.
Еңбек жолын 1928жылы Қарағанды облысының Ақмола ауданындағы №17 ауылдық кеңес хатшысынан бастаған ол Қазақ КСР жоғарғы кеңесі Төралқасының төрағасы қызметіне дейін өсіп, үлкен өмір жолынан өтті. С. Б. Ниязбеков 1965-1978жылдар аралығында КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының орынбасары болды.
Сабыр Біләлұлы-алаштың алып азаматтарының өсіп-өркендеуіне үлкен үлес қосқан, нардың жүгін көтерген, тазалықтың, еңбекқорлықтың, отансүйгіштіктің үлгісін көрсеткен қайталанбас тұлға десек артық айтқандық болмас. Жүздеген адамдарға қорған болған, мыңдаған адамдарды жебеген Сабыр Біләлұлының есімі, ол кісіні көрген қызметтес болған әр адамның көңілінен бұл фәни жалғанда кетпейтін болар.
Дінмұхаммед Қонаевтың сенімді серіктерінің бірі болған, Бәйкен Әшімовпен қанаттас қызмет атқарған Сабыр Ниязбеков үлкен мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақ елінің тарихынан өз орнын ойып алған тұлғалардың бірі болып табылады.

Просмотров: 282


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст