17.01.2023
«Балалар және театр»
«Ертегілер әлемінде»
Ертегі - әдеби шығармашылық жанры. Ертегінің басты ерекшелігі - бұл әрқашан жақсылық жамандықты жеңетін бақытты аяқталатын ойдан шығарылған оқиға. Ертегіні ауызша халық шығармашылығының ең дана және ежелгі туындысы деп атауға болады. Ол балалардың бойында үлкенді сыйлауға, мейірімділікке баулиды, оларды батыл және лайықты болуға үйретеді.
Ертегі адамның қиялдан, ойдан шығарған барлық көне дүниелері мифтер, аңыздар және ертегілер болып үшке бөлінеді. «Ертегі» деген ат ертеде, ерте күндегі деген сөздерден туған. Ертегілердің тілі көркем, қарапайым, түсінікті, жеңіл келеді. Ертегі –жақсылық пен жамандықты жеңіп,соңы жақсылықпен аяқталатын ойдан шығарылған хикая.Ертегілер - тұнып тұрған қиял-ғажайыптар, жануарлар адамша сөйлеседі, батырлар жау әскерімен ғана емес, айдаһарлармен, жын-перілермен және басқа да халық қиялынан туындаған жалмауыз - құбыжықтармен шайқасады. Ертегілер бізді жалқау болмауға, үлкенді сыйлауға, жақсы мен жаманды ажырата білуге үйретеді.